«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЗАН ШАҚЫРУДАН ЖАРЫСТЫ

Қандыағаш қаласында азан айтуды насихаттау, азанның шығу тарихы мен оның маңыздылығын, ел арасындағы әдемі әуезді азаншыларды анықтау мақсатында ер жамағаты арасында аудандық «Әдемі әуезді азаншы» сайысы өтті.

Бәйгеге жалпы 13 азаншы қатысып, бақтарын сынады. Бұл жерде біріншіден азанның айтылуына, яғни таджуид ережесінің сақталуына, екіншіден мақамы мен әуеніне, үшіншіден сол азанның өзінің дұғасының дұрыс оқылуына ерекше мән берілді. Соныман қатар азаншы діни сауатты әрі құранды қатесіз оқуы керек. Сондықтан жарыстың сапалы өтуіне ауданның бас имамы Мухаммедисмаил Шадман мен найб имам Әсемхан Ерғазин төрелік етті.

Сайыс барысында қатысушыларға азанның ережелері туралы сұрақтар қойылды.

Тартысты өткен сайыста көптің назарын өзіне аударып, әдемі даусымен, діни сауаттылығымен алға шыққан Асылбек Агимбаев 1-ші орынды қанжығасына байлап, Алғыс хатпен және соңғы үлгідегі ұялы телефонмен марапатталды. Ал 2-ші орынды иеленген Ермек Елтаевқа смарт сағаты мен Алғыс хат табысталды. Тағы бір қатысушы Артур Тастайбеков 3-ші орынға жайғасып, қоржынын сымсыз құлаққаппен толтырды.

Ақтілек Бисенбиұлы мен Ақылбек Тұрғанбайұлы «Мақамды азаншы» аталымын алды.

Ұқсас ақпараттар

Тоқаев агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйелерді интеграциялауды тапсырды

admin_mugalzhar

БАСШИЛІ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІС ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАНДЫ

admin_mugalzhar

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar