«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

21 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Аудандық «Мансап» орталығында бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз грант комиссиясының отырысы өтті.

Мамыр айының 20-31 аралығында қайтарымсыз грант алуға аудан бойынша жалпы саны 80 адам өтінім берген. Ал комиссия отырысына 74 адам қатысып, өздерінің бизнес-жобаларын таныстырды. Бұл ретте комиссия мүшелері ұсынылған бизнес-жоспарды бағалап, бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігін қарап, жобаның қаржылық өміршеңдігін ескеріп, шешім шығаруға тырысты. Нәтижесінде ішінен 21 адамға қайтарымсыз грант бөлінді. Идеясы тың, бәсекеге қабілетті деп танылғандардың қатарында мобильді планетарий, кілемдерді, жиһаздарды және автомобиль салонын химиялық тазалау, цифрлық сауаттылықтың маңызды дағдыларын кеңейту, ірі қара мал шаруашылығы, құлпынай өсіру және тосабын дайындау, құс шаруашылығы, наубайхана, «Биебау» қымыз өндіру, ментальды арифметика, тігін шеберханалары, сүт өнімдерін өндіру, көлік жуу, дөңгелекжөндеу, кондитерлік өнім секілді бизнес идеялар болды.

Еске сала кетейік, гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту. Грант көлемі 400 АЕКті, яғни, 1 476 800 теңгені құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ САЙЛАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.