Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, — деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Қанат Бозымбаев Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді:
▪️бүгінде 64 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған;
▪️табиғат апаты кезінде жалпы 11998 тұрғын үйді, 5359 саяжай құрылысын су басқан;
Зардап шеккен өңірлерде 16715 үй тексеруден өткен. Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған.
Қазіргі уақытта 4521 отбасы үйлерін жөндеу және қалпына келтіру мақсатында 57,4 миллиард теңге көлемінде өтемақы алған. Жалпы, тұрғын үйлерді қалпына келтіруге 237 миллиард теңге қажет;
Президент зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау, техникалық тексеру жүргізу ісін жеделдетуді, сондай-ақ оларды салу мерзімі мен құрылыс сапасын бақылауға алуды тапсырды.