«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕЙІРБАН ЖҮРЕКТІ МЕДБИКЕ

Медбикенің жұмысына ең қажетті нәрсе – өз ісіне берілгендік және науқастарға жауапкершілікпен қарау. Жалпы мейірбике ауруханадағы науқасқа ең жақын әрі қамқоршы адам. Сол себепті медбикенің өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдына келген науқасқа жанашырлық танытуы бәрінен маңызды. Бұл оймен Сағашилі ауылы амбулаториясының тәжірибелі маманы Ермек Кирова да келіседі. Еңбек ауылдық округіне іссапар барысында 44 жылдан бері денсаулық сақшысына айналған, ауылдастарына жақсы таныс осы медбикемен тілдесудің сәті түсті.

Медбике Ермек Боранбайқызы Еңбек ауылында туып-өскен. Ал бұрынғы Кеңесту совхозында 10 жылдық мектепті бітіріп, Ресейдегі Курган обласындағы Чарли қаласында орналасқан медициналық училищеге оқуға түскен.

Оқуға түсерде алдымен, Ақтөбеге құжат тапсырып, конкурстан өтпей қалдым. Сосын Ресей еліндесұхбаттасуарқылықабылдайтынынестіп, құжаттарымды алып, дереу сол жаққа аттандым. Алла сәтін салып, оқуға түсіп кеттім. 2 жыл оқып, медбике мамандығын алып шықтым, — дейді ақ халатты абзал жан.

1980 жылы оқуды аяқтап, елге оралып, туған елдегі қызметін бастайды. Содан бір амбулаторияда тапжылмай еңбек еткеніне биыл 44 жыл болған. Үш жыл бұрын зейнетке шыққанымен, қызметінен босатылмаған ол бүгінде жастарға өмірлік әрі қызметтік тәжірбиесімен бөлісіп келеді.

Бұл салаға келетін жастардың бойында табандылық, шыдамдылық, шапшаңдық және сабырлылық сынды қасиеттер болуы тиіс. Соларды ұштастыра отырып, білім нәрімен сусындаса, болашақта мықты маман болары сөзсіз. Бір қуантарлығы, қазіргі таңдағы жастардың медицина саласына көзкарасы өте жақсы. Бүгінгі күнде технология дамыды, жастарымыз жан-жақты білім алып, түрлі курстарды оқып, әріптестерімен тәжірибе алмасуда. Мен де бар білгенімді үйретудемін. Біздіңжұмыс — алғысыаз, жауапкершілігі жоғары, ауыр қызмет. Қашанда болсын жоғары деңгейдегі дайындықты талап етеді. Жас ерекшелікті, жағдайдың санатын да талғамайды. Кішкентай бүлдіршіндерден бастап, ауыр хәлдегі науқастарға дейін қарау біздің жауапкершілікке кіреді, — дейді Ермек Боранбайқызы.

Кейіпкеріміздің сөздерінен өз мамандығын жақсы көретінін байқадық. Бұл мамандықтың қызығымен қиындығын қатар көрген жан ең алғаш еңбек жолын бастаған уақытта ине шаншу, қан алу жолдарын үйретіп, бағыт-бағдар берген дәрігер Гүлфия Калимованы ұстазы санайды.

Ол кісінің қасында жүргенде отбасымызды да ұмытып кететін едік. Таңнан кешке дейін сол кісіден бір дүние болсын үйреніп алсақ деген оймен қасынан қалмаушы едік, ол дәрігер де жұмыста отыра беруші еді. Сол апайдың арқасында бүгін-де нанымызды тауып, алдымызға келген жанның көңілінен шығып жүрген шығармыз. Қазіргі бірге жасап жүрген жастарға сол кісіні көп айтамын, — дейді өткен күнді еске алып.

Бұл салаға өзінің қалауымен келіп, 40 жылдан астам уақыттан бері медбике болып жұмыс жасап келе жатқан ол медицина саласының түрлі даму деңгейін басынан өткеріпті. Кезінде өзі қызметке орналасқан емханада кадр тапшылығы болып, медициналық кұралдар жетіспегенін, техникалық қамтылуы төмен болғанын да жасырмады. Ал бүгінде амбулатория жағдайы жақсы, қажетті құралмен жабдықталған Бүгінгі таңда мен балалардың екпесіне жауапты адам болғандықтан балалармен, ата-аналармен көп жұмыс жасаймын. Сөздің шыны керек, қазіргі күн тәртібінен түспей тұрған мәселенің бірі де осы екпе болып отыр. Қазіргі аналар балаларына екпе салғызудан бас тартып жатыр. Осыған орай, көп салмақ маған түсіп жатады. Ата-аналармен жекежеке сөйлесіп, маңыздылығын айтыптүсіндіру — бұлдабіздіңжұмысымыздың бір міндеті. Осы жұмыстардың нәтижесі болар, «бас тартамыз» деген ата-аналармен біраз жұмыстанғандықтан, Сағашилі ауылында екпеден бас тартқандар әлі тіркелген жоқ. Негізі, жергілікті, бұрыннан осы ауылдың тұрғындары екпені өздері де алғандықтан, балаларына да зияны тимегендіктеріне көздері жеткендіктерінің арқасындақарсылық танытпайды. Ал сырт жақтан, берігеректе көшіп келгендермен көп жұмыс жасаудамыз, — деді ол жұмысы туралы.

Мейірбике бір салада ұзақ жылдар бойы қызмет етудің сыры отбасы мүшелерінің қолдау көрсеткенінде деп санайды.

Жолдасым екеуміз екі бала тәрбиелеп өсірдік. Қызым тұрмыста, ұлым қолымда, газ саласында еңбек етеді. Өзім бүгінде әжемін, 3 немере, 3 жиенім бар. Балаларымның ешкім-нің ала жібін аттамайтын, адал жан болып өсуі жолында барымызды салдық, — дейді ол.

Үнемі қауырт жұмыс басында жүретін медбике қызметінен тыс уақытта балаларының қасынан табылатын, немерелерін ойнатып отыратын ардақты жан. Жауапты қызметте жүрген білікті маман, аяулы ана отбасының да, жұмыстың да қамын реттеп, бәріне үлгереді.

Бұл қызметтің барлық қыры — маңызды. Сен психолог маман да, дәрігер де болуың керек. Емделушінің алдында қателіктер жіберуге болмайды. Жұмысымның қиыншылықтарына қарамастан, мен өз кәсібімді сүйемін және жастар медицинаға көбірек барса екен деймін. Мемлекетімізде білімді әрі білікті мамандардың көп болғаны жақсы, — деген медбике Ермек Боранбайқызы әріптестерін, барлық ақ халатты абзал жандарды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбекте жеміс, отбасына амандық тіледі.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

С.Еңсепов: «Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!»

admin_mugalzhar

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми логотипі

admin_mugalzhar

СУБСИДИЯ ИГІЛІГІ – ШАРУАЛАРҒА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.