«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ПАЙДАЛЫ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

Балалар үшін жазғы демалысты көңілді өткізудің бір түрі — лагерьге бару. Лагерьдегі жазғы демалыс жаңа достарға, спорттық жарыстарға және көңілді ойындарға толы болады. Сонымен қатар, лагерьде балалар өз бетінше әрекет жасауға икемделеді. Бұл — өмірдің өзіндік мектебі, онда балалар жаңа қоғамға бейімделуге дағдыланады, қарым-қатынас жасауға үйренеді және белгілі бір тәжірибе жинақтайды.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІ ТӘРБИЕГЕ МӘН БЕРЕДІ

Биыл ауданда 2024 жылы жазғы каникул кезеңінде балалардың сапалы және қауіпсіз сауықтыру демалысын, босуақытынжәнежұмыспен қамтылуын ұйымдастыру 4 кезеңдежүзегеасырылуда. Олар — 15 қаңтар-30 наурыз аралығындағы дайындық, 1 сәуір-31 мамыр арасындағы ұйымдастырушылық, 1 маусым-31 тамыздағы іске асыру және қыркүйек айындағы қорытынды кезеңнен тұрады.

Тарқата айтсақ, дайындық кезеңінде жазғы каникул уақытындағы мектеп жанындағы лагерьлердің дайындығын қабылдау кестесі, лагерьқызметкерлеріненұсқамаберу кестесі, жазғы каникул уақытында балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру жөнінде медиажоспар, жазғы демалысты жүзеге асыратын мектеп жанындағы және қосымша білім беру ұйымдарындағы лагерьлердің тізімі, жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сыныптарының барлық білім алушыларын сауықтыру демалысымен, бос уақытыменжәнежұмыспен қамтудың аты-жөні бойынша базасы жасақталып, облыстық білімбасқармасына тапсырылады. Ал мамырайындамектепжанындағылагерьлерді қабылдау жөнінде ведомствоаралық тобы құрылады. Құрамына білім бөлімінен екі адам, денсаулық сақтау саласынан, төтеншежағдайларбөлімінен, спорт және ішкі саясат бөлі-мінен бір-бір адамнан, жалпы саны топқа бес адам жасақталды. Осы кезеңде жазғы лагерьлердегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша қызметкерлерге нұсқаулық беріледі.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағартуминистрлігіжазғыдемалыс кезеңінде балалардың сауықтырудемалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша 2024-2026 жылдарға арналған әдістемелік ұсынымды дайындады. Жинақта жазғы демалысты ұйымдастыруға барлық нормативтікқұқықтық актілер қамтылған. Жазғы маусым қызықты әрі мазмұнды өтуі үшін аталған талаптардың сақталуы маңызды екені ескертілді. Ең әуелі жазғы демалыс кезеңінде балаларды тәрбиелеуге баса мән берілуі керек. Бұл үшін 2023 жылы 13 қыркүйектегі №294 бұйрығымен бекітілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде бірыңғай күнтізбелік – тақырыптық жоспарлар кешені әзірленді. Нәтижесінде жазғы демалысты өткізумәдениетін қалыптастыру алдымызда тұрған маңызды міндет болып табылады. Мектеп басшылары әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жазғы демалысты өткізуге жауапты тұлғаларды бекіту туралы бұйрықты алдын-ала қабылдауды қамтамасыз ету қажет. Мектеп жанындағы жазғы демалыс үшін нақты күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар айқындалып, олардың балалар үшін қызықты әрі мазмұнды болуы қамтамасыз етілуі маңызды. Биыл, әдістемелік ұсыным негізінде балалардың есепке алудың табелі әзірленіп, оның тиянақты әрі шынайы жүргізілуі қадағалауда болуы тиіс, — дейді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Медет Шарипов.

БАЛАЛАРДЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬМЕН ҚАМТУ 99,3 ПАЙЫЗҒА ЖОСПАРЛАНУДА

2023-2024 оқу жылында Мұғалжар ауданының білім бөліміне қарасты 37 білім беру ұйымында 12 795 оқушы білім алды. Жазғы каникул кезеңінде мектеп жанындағы 37 лагерьдің барлығында да ыстықтамақберілмейді. Тек11мектепте арнайысанаттағыбалаларға ыстық тамақ қарастырылған. Олар — Қайыңды, А.Жұбанов, Құмсай, Құмжарған (2 мектеп), Мұғалжар, Сағашилі, Ақкемер, Басшилі ауылдарындағы мектептер мен Ембі қаласындағы №7 мектеп. Аудандық білім бөлімінің мамандары жазғы кезеңде балалардың сауықтыру лагеріне қамтылуы 99,3 пайызға жоспарланып отырғанын жеткізді.

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН 16 328 480 ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ БӨЛІНДІ

Аудандық білім бөлімінің лагерьге жауапты маманы Бағила Аймағамбетованыңайтуынша, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу үшінбекітілгенжоспарбойынша, аудан аумағындағы тарихи жерлерге экскурсиялар ұйымдастырып, спорттық шаралар өткізіп, балалардың жан-жақты дамуына, кез келген ортада өздерін еркін ұстап, қабілетін шыңдауға мүмкіндік жасалады. Тарихи жерлерге экскурсия екі бағытта жоспарланып отыр. Біріншісі, Алға-Ақтөбе бағыты бойынша Есет батыр кесенесі менАқтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне 150 бала баратын болса, Қобда-Байғанин бойынша Ақбота-Сәңкібай шоқысы мен Абат-Байтақ кесенесіне де 150 бала бармақ.

Сонымен қатар наурыз айында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ауылдық жерде тұратын, оқуда үздік көрсеткіштерге ие, үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын 5-8 сынып оқушыларын қолдау және ынталандыруға бағытталған 75 жазғы демалысқа жолдама сертификаттарытабысталып, «Шұғыла» лагерінебарғанболатын. Алалдағы уақытта арнайы санаттағы оқушылар арасында жазғы каникул кезеңінде қала сыртындағы, атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы «Көктөбе» лагеріне 239 оқушы жіберілетін болады. Сондай-ақ Мұғалжар ауданы бойынша демеушілер есебінен өзге де жазғы лагерьлерге 150 бала барады.

Бұл лагерьлерге бірінші кезекте аудан аумағындағы атаулы көмек алатын, төтенше жағдайға тап болған отбасылардың балалары және жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары қамтылады.

Биылғы жылы оқушыларды жазғы лагерьмен қамтуға облыстық бюджеттен 16 328 480 теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражатқа 8-14 жастағы әлеуметтік жағдайы бойынша көмекті қажетететінотбасындағы тәрбиеленіп жатқан 106 бала және ата анасының қамқорлығынсыз қалған 42 бала қамтылады, — деді маман.

Сонымен қатар маусым-шілде айларында 8-10 сыныптағы ер балаларға арналған “Туған өлкеге саяхат атты әскери-спорттық жиын” ұйымдастырылуда. Жиындар Бұлақты, Ақкемер, Сағашилі, Қайыңды, Құмжарған ауылдарында өтеді. 5 маусым күні Бұлақты ауылына 70 бала аттанса, 12 маусымкүніАқкемерауылына 70 бала, 20 маусым күні Сағашилі ауылына 70 бала, 2 шілде күні Қайыңды ауылына 70 бала, 15 шілде күні Құмжарған ауылына 70 бала баратын болады.

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының жазғы демалысында білім бөліміне қарасты барлық қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайтын болады. Атапайтсақ, Қандыағашқалалық №1 Аула клубында маусым айында 160 бала 8 үйірмеге, 175 бала 5 үйірмеге қамтылады. АлЕмбіқалалық №2 Аула клубында маусым айында 180 бала 9 үйірмеге, 175 бала 7 үйірмеге қатысатын болады. Жемқалалық№3 Аулаклубында маусым айында 100 оқушы 7 үйірмеге тартылса, ал шілде айындаосыүйірмелергетағы100 оқушы қамтылатын болады. А.Жұбанов атындағы балалар музыка мектебінде маусым айында 140 бала 7 үйірмеге, шілде айында 125 бала тағы 7 үйірмеге қатысады. Ал Мұғалжар аудандық оқушылар шығармашылық даму орталығы маусым айында 200 балаға 8 үйірме, ал шілде айында 190 балаға 5 үйірме ұсынбақ.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Онлайн жарнаманы таңбалау ережесі 2 наурызда күшіне енеді

admin_mugalzhar

Қорғаныс министрі Ақтөбе гарнизонында болды

admin_mugalzhar

Асхат ШАХАРОВ: Санға емес, сапаға жұмыс істеу керек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.