«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗУЛАҒАН МОПЕД – ҚАУІПТІ

Қазір ақпарат көздерін ашып қалсаң, кем дегенде бес жаңалықтың бірі «скутер, мопед, велосипед, самокат сияқты көліктердің қатысуымен жол апаты болды» деп басталатыны да өтірік емес. Бір өкініштісі, осы көліктердің жүргізушілері күн сайын жол ережелерін жиі бұзып, талай жол апаттарының орын алуына себеп болуда. Мұндай жол апаттарынан зардап шеккендер мен аурухана төсегіне таңылғандар, тіпті өмірден озып жатқандар да аз емес. Асығыстықтан алды-артына қарамай шапқылайтын олар көлік-көліктің арасымен жүйткігенде өз өмірлерін ғана емес, автомобиль жүргізушілерінің де өмірін қатерге тігетінін ойлап жатпайды.

Мопед мінген жүргізушілер барар жеріне тез жету үшін арнайы жолақты аттап өтіп, автомобиль жолдарын пайдаланады. Арнайы киімдерді де кимейді. Тіпті, қос-қостан мінгесіп жүргенжасөспірімдерді де көріп жүрміз. Ірі қалалардың көшелерін былай қойып, қазір Қандыағаштың өзінде машинаға жол бермей, жанталасып келе жатқандар тар көшеде келе жатқан бала-шаға, үлкен кісілердің де өміріне қауіп төндіріп отыр. Ертелі-кеш көшеге бала-шағамызбен шыға қалсақ, үй ауласы болсын, жолдың жиегі болсын, тіпті балалар ойнайтын алаңда да жол бермей, шаңды аспанға көтеріп ұшып келе жатқан мопедтерді көргенде, балаңды көтеріп, алып-ұшып, тығылатынжер таппай қиналасың. Шыны керек, балаларымызды еркін ойнатуға да қорқатын болдық. Бір екі мопед болса мейлі, топтасып жүретіні тағы бар.

Статистика бойынша, осындай альтернативті көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасы 4-5 есе артқан. Күн жылына бұлардың қатары тіпті көбейді. Автомобиль жолдарын былай қойып, жаяу жүргіншіге арналған тротуарларда да тайталасып жүретін бұларға қатаң тыйымсалып, жүргізуші куәлігін алуды міндеттемейінше, аталған жол апаттарының түрлері көбеймесе, азаймайтыны тағы анық. Сондықтан «сақтаңсаң, сақтаймын» деген қағидаға сүйеніп, адамдар өз амандығына өзі ғана жауапты деуден басқа айтар сөз де жоқ. Әншейінде өзімізді Еуропа елдерімен салыстырып, оларда «мұндай екен, сондай екен» деп көптеген дайын дүниелерді көшіріп ала беруге шеберміз ғой. Сол Еуропаңызда мопед мінушілер үшін арнайы категориясы бар жүргізуші куәлігі қажет екенін біле ме екен?!

Арнайы тіркеуге тұрмай-ақ мопедміне беруге болатындықтан, олардың ел, облыс, қала, аудан бойынша да нақты есебі жоқ. Оның үстіне Қытайдан арзан бағамен тапсырыс арқылы алдыра беретіні тағы бар. Ал жауапкершілік дегенді біле бермейтін жасөспірімдердің мұндай тізгінді қолға алуының арты өкінішке әкеп жатқаны жасырын емес. Бұл ретте баласының айтқанын істейтін ата-аналардың да жауапкершілігін арттыру мәселесі қолға алынуы керек деп есептеймін. Жасы 16-ға толмағандарға альтернативті көліктермен жолға шығуға мүлде тыйым салу керек. Оң-солын білмейтін желікпежасөспірімдердің қолына тізгін тиген соң мақтанып, желігіп, қызық үшін қатты жүріп, өздерінің өзгелерден артықшылықтарын көрсету үшін жол қауіпсіздігі мен ережелеріне атүсті қарайтыны да ескерілуі керек.

Фарида МҰРАТОВА, Қандыағаш қаласының тұрғыны

Ұқсас ақпараттар

Бір топ ана «Бақытты отбасына» қойылған шектеуді алып тастауды талап етті

admin_mugalzhar

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН КЕЙУАНА

admin_mugalzhar

Елімізге гүл көбіне қай елдерден әкелінеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.