«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан әкімдігінде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер және Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталған салтанатты жиынға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, мереке иелерін құттықтады.
«Мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады. Ал ішкі істер органдары — мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін», — деді аудан басшысы.


Жиын барысында аудан әкімі қызметте елеулі еңбек етіп, өздерін жан-жақты көрсете білген мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне облыс әкімі Асхат Шахаровтың және өз атынан Алғыс хат тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Вернуться к истокам

admin_mugalzhar

6 өңірде су тасқыны болуы мүмкін

admin_mugalzhar

ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕМІН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.