«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛИМА САЛҒАН ЖЫР ҚАНДАЙ?

Әлима САДУОВА — бала жастан қара домбырасын жанынан тастамай, өзіне серік еткен жан. Ол саналы ғұмырын ұлттық өнерге арнап қана қоймай, шәкірт тәрбиелеуді өзіне өмірлік мұраты деп санайды. Содан болар, термеші Әлиманың есімін қандыағаштық өнерсүйер қауым жақсы біледі.

Кейіпкеріміз домбыраға деген қызығушылығы ерте жаста оянғанын айтады. Нағашыларының қанымен берілген киелі өнер бала кезінен Әлиманың қолына домбыра алғызып, әр пернесін басқызып, қос ішегін тартқызып, әуестігіноятады. Қыздарының домбыраға деген ерекше сүйіспеншілігін байқаған ата-анасы оны алып, домбыра үйірмесіне береді. Мектеп қабырғасында жүріп, домбыра шертудің қыр-сырын үйренген Әлима мектепті бітіргеннен кейін ойланбастан өнер жолын таңдап, 1992 жылы балалық арманын орындау үшін 1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық институтының жанынан ашылған «Терме» студиясында 2 жыл оқиды. Кейін Орал қаласындағы Х.Досмұхамбетов атындағы колледждің «Музыкалық білім беру» факультетін және М.Өтемісов атындағы университеттің «Дәстүрлі ән» факультетін бітірген еді.

Ол алғаш еңбек жолын Байғанин аудандық мәдениет үйінде балалар жөніндегі әдіскер болып бастаған. Отбасылық жағдайымен Қандыағаш қаласына қоныс аударып қалалық №3 мектеп гимназиясына жұмысқатұрып, балаларды домбыраға үйретеді.

,— дейді ол.

Домбырашы бүгінде аула клубында ғана емес, Қандыағаш қалалық№4 ЖББОМ-де музыка пәнінен сабақ береді. Жиырма жылдан астам уақыт балалармен жұмыс жасап кележатқан ол домбыра тартқан баланың ұлтжанды болып өсетінін айтады. Себебі қасиеті домбыраның үні енді қалыптасып келе жатқан баланың бойына ұлттық рух беріп, елінің тарихын, мәдениетін білуге деген құлшынысын арттырады екен. Бүгінді білікті ұстаз дарынды шәкірттерін киелі өнер домбыра тартуға бейімдеп қана қоймай, оқушыларын түрлі деңгейдегі сахналарға алып шығып жүр. Дарынды шәкірттері түрлі байқаулардан жүлделі оралып, ұстаз мерейін өсіріп жүрген жайы бар.

Бүгінгінің балалары жан-жақты, әрі талантты. Осы уақытқа дейін мен дайындаған балалар түрлі байқауларда бой көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Атап айтатын болсам, «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Дала сазы» байқауына кіші жастағы орындаушылардан құралған «Жастолқын» ансамбліІІІорын, Ақтөбе облысының 90 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» облыстық халық шығармашылық фестивалінде, республикалық «Лаула — 2022» онлайн байқауында, «ALTYN DAYUS» республикалық балалар өнер шығармашылық байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі болды. Сондай-ақ «Salom, Toshkent!» халықаралық шығармашылық фестиваліне қатысып, «Дала сазы» күйшілер ансамблі Бас жүлде иеленді. Әліде алар асуларымыз алда деп есептеймін. Шәкірттерімнің биік белестерді бағындырарына сенімім мол. Жоспарымыз көп. Өз алдыма жеке орталық ашқым келеді. Оқушыларымды көрсетіп жеке концерт ұйымдастыруда ойда бар. Бірақ бәрі айналып келгенде қаржыға тіреледі емес пе?! Оқушыларымның репертуарларында түрлі шығармалар, термелер, жырлардан үзінділер жетерлік. Алдағы уақытта осы туындыларды сахнаға шығарып, тыңдармандарға ұсынғым келеді, — деді ұстаз Әлима.

Бүгінде ол тәрбиелеген шәкірттер де белді маман атанып, домбыраның қыр-сырын балаларға үйрететін ұстаз атанған. Ол дарынды шәкірттерінің бірі де бірегейі Жұлдыз Жолмұрат туралы ерекше атап айтты. 2015 жылы жасдомбырашы Жұлдыз Рамазан Стамғазиев қазылық еткен республикалық байқауға қатысып, Бас жүлдені жеңіп алып, ұстазының мерейін асырған екен. Бүгінде ол Атырау қаласында дәстүрлі ән өнерін дәріптеп қана қойма, жас домбырашылар даярлап жүр. Кейіпкеріміз бүгінде домбыра үйренуге ықыласты балалардың көп екенін қуана жеткізді. Тіпті атааналар тарапынан балаларына жеке сабақ беруге ұсыныс жасайтындар да бар екен.

Еліміз тәуелсіздігін алғалы ұлттық өнеріміз барынша насихатталып келеді. Шілде айының алғашқы жексенбісін «Домбыра күні» деп белгілегені жүрегі қазақ деп соғатын жандар үшін үлкен қуаныш болды. «Домбыра күнінің» кең көлемде атап өтілуі — елдігіміздің белгісі. Қазақ барда домбыраның өшпейтіні анық. Төл өнерімізді абыройын арттыру біз үшін, болашақ ұрпақ үшін парыз деп есептеймін, — деп сөзін аяқтады термеші Әлима Молдағалиқызы.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

АРДАГЕР ҰСТАЗ ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отан қорғаушы күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.