«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРДЫҢ ҮЗДІК МАТЕМАТИКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінде математика пәні мұғалімдеріне арналған “Математикалық прогрессия” байқауының аудандық кезеңі өтті.

Мұғалжар аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған байқаудың мақсаты — математика пәні мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру және үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.
Екі кезеңнен тұратын сайыстың бірінші турында қатысушылар 25 стандарттық есепті, ал екінші турда 75 олимпиадалық есепті шешті.
Байқау нәтижесінде І орынды Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айжамал Истурлиева жеңіп алды. Сол мектептің мұғалімі Айсұлу Абылова мен Қандыағаш қалалық №2 ЖББОМ-нің ұстазы Камила Сүгірова жүлделі ІІ орынды иеленсе, Қ.Жұбанов атындағы ЖББОМ-нің ұстазы Жарас Тасбенов пен Сағашилі ЖББОМ-нің мұғалімі Мәди Олжабай үздік үштікке ілінді.
Сонымен қатар Ақкемер ЖББОМ-нен А.Матаев, Ы.Мұхамеджанов атындағы ЖББОМ-нен Р.Сағымбаева, Сағашилі ЖББОМ-нен Қ.Шонаева, №2 Ембі ЖББОМ-нен А.Туретова және №2 Қандыағаш қалалық ЖББОМ-нен А.Оралбаева арнайы грамоталармен марапатталды.
Жүлделі орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алып, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол мен кәсіподақ төрайымы Жұмагүл Жұмабаеваның атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ұқсас ақпараттар

ТӨРТ РЕДАКТОРМЕН ҚЫЗМЕТТЕС БОЛДЫМ

admin_mugalzhar

АУЫЛДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙ

admin_mugalzhar

БӨГЕТТЕРІН БЕКІТКЕН АУЫЛДАСТАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.