«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ДЕПУТТАТТАР ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ауданға ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Жұлдыз Сүлейменова мен Қазбек Әлішев және Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Күлпаршын Айдарханова жұмыс сапарымен келді.
Іссапар барысында депутаттар Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында қандыағаштықтармен кездесті.

Сапардың негізгі мақсаты — депутаттардың өз жұмыстары жөнінде жергілікті жерлерде түсінік беруі және ауыл-елдегі халықтың жай-күйімен танысып, ұсыныс-пікірлерін жинау.
Мәжіліс депутаты Қазбек Әлішев мәжіліс қабырғасында қабылданатын заңдардың жергілікті жерлерде орындалуына байланысты ақпараттар жинайтынын және сол мәліметтер шегінде Парламентте өткізілетін комитет жиындарында талқыға салынатынын атап өтті.


Ал жиын барысында сөз алған аудан басшысы Дархан Ермағанбетов осы уақытқа дейін аудан аумағында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы уақытта атқарылар істер туралы айтып, шешілуі тиіс маңызды мәселелердің де барын тілге тиек етті.
Одан әрі сөз алған қала тұрғындары мәжіліс депутаттарына сауалдарын қойып, өздерін мазалаған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Сауал жолдаған қандыағаштықтардың көпшілігі қалаішілік және ауданаралық автомобиль жолдарының тым нашарлығына наразылықтарын жеткізді. Сонымен бірге қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі жағдайы сын көтермейтіні де айтылды.
Өз кезегінде депутаттар барлық орынды деген мәселелерді өзіне түртіп алғанын, орталыққа барған соң тиісті ведомстволарға сұраныс жіберетінін айтты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда маусым айында 2%-тік ипотекаға өтінім қабылдау басталады

admin_mugalzhar

Жолақы: бағаны реттейтін нарық

admin_mugalzhar

ПРИЧИНОЙ ПОЖАРА СТАЛ ПОДЖОГ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.