«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУ ТАСҚЫНЫ: ДАЙЫН ҮЙ САТЫП АЛУ ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Ақтөбе облысының барлық ауданында дайын үй сатып алу жұмысы аяқталды. Бұл жұмыс тек облыс орталығы Ақтөбе қаласында ғана жалғасып жатыр.
Биыл көктемгі су тасқыны кезінде Ақтөбе облысында 4087 үймен саяжайдағы баспанаға су кірді. Салдарынан 1014 үй апатты деп танылды.
Техникалық байқау қорытындысы бойынша 3073 үй тұруға жарамды деп танылды. Комиссия шешімімен жөндеу жұмыстарын жүргізетін 3005 үй иесіне 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Қалған 1014 үй апатты деп танылды. Оның 200-і Ақтөбе қаласында, 307-і Ойыл ауданында, 160-ы Ырғыз ауданында, 155-і Қобда ауданында, 69-ы Мұғалжар ауданында, 57-і Темір ауданында, 51-і Әйбеке биде, 8-і Байғанинде, 5-і Мәртөкте және екеуі Алғада. Баспанасыз қалған 504 отбасы өз шешімімен дайын үй сатып алады. Қазір барлық ауданда үй сатып алу жұмысы аяқталды. Тек Ақтөбе қаласында апатты деп танылған 200 үйдің 138-і ғана сатып алынды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, Ойыл ауданында — 130, Мұғалжарда — 55, Темірде — 36, Ырғызда 35, Әйтеке биде — 25, Байғанинде — 8, Қобдада 8, Мәртөкте — 5, Алға ауданында — 2 отбасы дайын үйге қоныстанды.

Ұқсас ақпараттар

Каирде Бейбарыс Сұлтан мешітінің ашылу салтанаты өтіп жатыр

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.