«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«BIRGEMIZ: ASYL MURA»: ЖҰЛДЫЗ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жұлдыз Елубай «Даналық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «BIRGEMIZ: ASYL МURA» жалпыұлттық жобасына қатысып, 300 мың теңгелік шағын грантқа ие болды.

Волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған бұл шара аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және тазалық жұмыстарын жүргізеді. Грант иегері Жұлдыз Ерланқызы волонтерлердің көмегімен Ақкемер ауылдық округі аумағында орналасқан Көтібар батыр кесенесінің маңына тазалық жұмыстарын жүргізеді.
— Бұл жоба жыл сайын мемлекеттік емес ұйымдар арасында ұйымдастырылады және 14-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Биыл менің жобам мақұлданып, жеңімпаз атандым. Алдағы уақытта кесененің жан-жағын тазалап, қоқыстарын шығарып, шөптерін жұлып, сырлау жұмыстарын жасайтын боламыз. Тазалық жұмыстарына жалпы саны 10 волонтер жұмылдырылады, — деді грант иегері.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

admin_mugalzhar

ТІЛСІЗ ЖАУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМА!

admin_mugalzhar

Қазақстанның тоғыз облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.