«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Ақтөбе перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді, 34 жастағы Қандыағаш қаласының тұрғыны Гүлсая Қалжанова үшемді дүниеге әкелді.

7 тамыз күні жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің үшеуіде ұл бала. Салмақтары 2100 г, 2400 г, 2500 г тартатын ұл балалардың есімдері Хамза, Ибраhим, Ахмад деп аталады.

Қазір ананың да, балалардың да жағдайлары жақсы. Осыған дейін 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған отбасы бірден 7 баланың ата-анасы атанды. Балалардың әкесі Әділхан теміржол саласында еңбек етеді.

Ұқсас ақпараттар

МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІН АУДАНҒА ШАҚЫРДЫ

admin_mugalzhar

Жел, көктайғақ, боран: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды

admin_mugalzhar

АУРУХАНА АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar