«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІН АУДАНҒА ШАҚЫРДЫ

Бестамақ ауылындағы облыстық Ақтөбе медресе колледжіне іс-сапармен барған Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінің бас имамы Әсемхан Ерғазин мен Мұғалжар аудандық жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың басшысы Әділет Маусымов биыл бітіретін түлектермен кездесіп, тыныс-тірлігімен танысты.
Кездесуде ауданның бас имамы Әсемхан Ерғазин мен орталық басшысы Әділет Маусымов түлектерге оқуды жақсы бітірулеріне тілектес екенін айтып, бүгінгі таңдағы діни қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, оларды Мұғалжар ауданындағы мешіттерге қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар Мұғалжар ауданындағы қала, ауыл мешіттерінің бүгінгі жағдайымен таныстырып, қай қала мен ауылдарда сұраныс бар екендігін де айтты. Өз кезектерінде бітіруші түлектер ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалдарына жауаптарын алды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбелік хоккейші қыздар марапатталды

admin_mugalzhar

Президент ТМҰ бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНА ЖОЛДАУ БАСТАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin_mugalzhar