«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖИЫНҒА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН СЕЙІТКАМАЛОВ ПЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ, ҚАЛА ЖӘНЕ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ҚАТЫСТЫ.

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, аудандық жер қатынастары бөлімінің 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмысының есебі мен жеке және заңды тұлғаларға жер телімін беруді реттеуге бағытталған қызметі туралы баяндалды. Ол бойынша Мұғалжар ауданы жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ұлан Тлеубаев баяндама оқыды. Баяндамадан кейін қатысушылар алдымен қара жерді кәдеге асыру жайын талқыға салды. Ол бойынша кеңес мүшелері және округ әкімдері тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, олардың шешу жолдары туралы ұсынылды. Атап айтсақ, ауданға тиесілі жайылымдық жерлердің көлемі қозғалып, қала ішінде жайылып жүрген малды арнайы жерлерге жаю және сол жерлердің орналасқан аумағы жайында мәселелер көтерілді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына жерді беру кезінде ауыл әкімдерінің толыққанды зерттеп, зерделеуі қажеттігі тілге тиек етілді. Сөйтіп, жер қатынастарының өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары ұсынылды.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Ревакцинация. Халықты қайта вакциналау тәсілі өзгерді

admin_mugalzhar

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУДЫҢ ДА СӘНІ КЕТТІ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

admin_mugalzhar