«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына -10 жыл толып отыр. Мерекеге орай аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бір топ қызметкерлерін марапаттады.

2014 жылдың 14 тамызында салық, кеден және экономикалық тергеу қызметтері органдарын біріктіру жолымен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Міне содан бері аталмыш комитет халықтың сеніміне ие болып, елдің дамуы үшін өте маңызды функцияларды жүзеге асыруда.

Аудан басшысы ауданның экономикасын көтеру мен қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы атқарып жүрген еңбектері үшін алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Су саласы мамандықтарына бөлінетін грант саны ұлғайды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш қыз пәтерден табылды

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙ МЕН ҚАРАКӨЛГЕ САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.