«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жазғы Паралимпиадаға елімізден 44 спортшы барады

10 күннен кейін Парижде XVII Жазғы Паралимпиада ойындары басталады. Биыл Қазақстан құрамасы рекордтық жолдамаға ие болған. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

«Біздің құрама спорттың 9 түрінен (паражүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэде есу, пара таэквондо, волейболды отырып ойнау – ерлер, пара ату,пара үстел теннисі, пара дзюдо) 33 лицензия иеленді. Жалпы 44 спортшы Парижге барады. Айта кету керек, каноэде есу (әйел), үстел теннисі және волейболды отырып ойнаудан алғаш рет лицензия жеңіп алдық»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағынан бас тартты

admin_mugalzhar

Референдумның алдын ала нәтижесі белгілі болды

admin_mugalzhar

2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар тізімі жарияланды

admin_mugalzhar