«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АЯУЛЫМДЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ КҮТІП АЛДЫ

Молдова елінде жасөспірімдер арасында қол күресінен өткен халықаралық жарысқа қатысып, Әлемчемпионы атанған Аяулым Жұмабайды теміржол вокзалынан атаанасы, бауырлары және жанкүйерлері құрметпен күтіп алды.

Аталған жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 1500-ге жуық спортшылар қатысқан. Естеріңізге сала кетейік, Қандыағаш қалалық №2 орта мектепте оқитын Аяулым жасөспірім қыздар арасында облыс тарихында алғашқы Азия және Әлем чемпионы атанды. Аяулымды Самат Санат жаттықтырады. Өзі оқитын мектепте Аяулымның құрметіне ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов қатысып, чемпионды құттықтап, аудан әкімдігінің атынан 400 мың теңгелік сертификат табыстады.

Ұқсас ақпараттар

«БРАКОНЬЕР»: ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

admin_mugalzhar

Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

admin_mugalzhar

Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті

admin_mugalzhar