«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕФЕРЕНДУМ – ОҢ ӨЗГЕРІСТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Елдің өркендеуі, мемлекеттің қарқынды дамуы алға қойған меже-міндеттерге тікелей байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы жолдауы көптеген мәселенің түп-тамырын, өзегін ұғындырғандай болды.

Негізгі тақырыптардың қатарында көпшілікті алаңдатқан атом электр стансысын салу мәселесін бүкілхалықтық референдум арқылы шешу керектігін түсіндірген мемлекет басшысы бүгінгі адамзатты тығырыққа тіреген энергия тапшылығына тоқталды. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум өткізу мерзімін 6 қазан деп бекітетінін жеткізіп, тиісті Жарлық қол қоятынын атап өтті.

Расында ұлттың болашағы үшін аса маңызды мәселені шешу кезек күттірмеуі тиіс. Сол себепті, Үкіметтің ұсынысын қолдайтынын атап өткен Президент халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір орнату ісі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасынан бастау алатынына назар аудартты. Қоғамның ойы мен пікірін ескерудің маңыздылығы кейде осындай қарапайым қадамдардан анық көрінеді. Сондықтан, мен аудан тұрғындарын алдағы бүкілхалықтық референдумнан сырт қалмайды деп ойлаймын.

Ильяш Ниязова, аудандық мәслихат депутаты.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында биыл 25 балабақша ашылады

admin_mugalzhar

«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.