«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БАҒЫТЫ МЕН БОЛАШАҒЫ АЙҚЫН — ЖОЛДАУ

Мемлекет басшысының жолдауы елдегі біраз жұмысқа қан жүгіртеді деп ойлаймыз. Алған бағыт айқын. Жолдау жұрт болып жұмылуға, ұлт болып ұйысуға үндейді.
Онда айтылған әрбір тапсырма, өзекті мәселе өз шешімін табады деп сенеміз. “Әлеуметтік әмиян” жобасы, әкім сайлаулары, жаңа салық кодексі, әскердегі жауаптылық тағысын тағы сол секілді мәселелер бүгінде маңыздылығын жоймаған мәселе болып тұр. Күрмеуі шешілмеген күрделі мәселе — әскер тәртібі.

Бұған қатысты президент: — Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты» деді.

Маңызды мәселеге қатысты тиісті тапсырмалар жүктеліп, мақсатты жұмыс атқарылатынына тілекшіміз.

Құрал Байсұлтанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ұқсас ақпараттар

3 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

admin_mugalzhar

Әділет министрлігі: 2019 жылы саяси партия ретінде тіркелуге 7 ұйым өтініш берді

admin_mugalzhar

Таразда дәріс сағаттарын саудалаған мектеп басшылығына қатысты дау шықты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.