«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жақында ғана Ақтөбе облысының бас имамы қызметіне тағайындалған Амантай Садиевті қабылдады.

Қабылдауда облыстың бас имамына аудан басшысы аудандағы діни ахуалды жеткізіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырып өтті.

Облыстың бас имамы жаңа қызметіндегі алғашқы жұмыс сапарын Мұғалжар ауданынан бастағандығын айтып, өзінің жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ жастардың жат ағымға ермеуін, қоғамдағы ізгілік пен имандылық қасиеттерін одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

Аудан әкімі өз кезегінде облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп жұмыс атқарып, барынша қолдау көрсететіндігін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

ТІЛСІЗ ЖАУ ҚАПЫДА ҚАЛДЫРМАСЫН!

admin_mugalzhar

Индира Әубәкірова: адам мен азаматтың құқықтарын нақты айқындау – баршаға ортақ маңызды мәселе

admin_mugalzhar

Таза Қазақстан: Ақтөбе мектептерінде экологиялық білімге басымдық берілуде

admin_mugalzhar