«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Борышкер»

Мұғалжар ауданында осындай атаумен жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген тұлғалардан айыппұлды өндіру мақсатындағы акция облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының ұйымдастыруымен қарашаның 13-і мен желтоқсан айының 13-і аралығында жүргізіледі. Жедел алдын алу шарасына аудандық ішкі істер бөлімінің жол патрульдік полициясы  аудандық прокуратурамен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп рейд ұйымдастыруда. Қазіргі таңда, борышкер 170 азаматқа хабарлама таратылып, 5 жүргізушінің автокөліктері арнайы айыппұл тұрағына қамалды.

Айта кету керек, әкімшілік құқық бұзған әрбір азамат өзінің бережағын ұялы телфонындағы «Play market»-тен «Qamqor» базасын жүктеп алу арқылы тексеріп ала алады. Ал төлеген жағдайда міндетті түрде банктерден алған түбіртектерін аудандық ішкі істер бөліміне тапсырулары қажет. Онсыз борышкерлердің қатарынан алынбайды.

«МҰҒАЛЖАРАҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

ЕРІКТІ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНА ЖАҢА БАСШЫ, ЖАҢА МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жүр

admin_mugalzhar

Мұғалжар ауданы бойынша еріктілер қатарына 280 жас қосылды

admin_mugalzhar