Мира БАЙСЕҢГІРОВА, Жұрын ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:
—Мемлекет басшысының Жолдауы — бағыт-бағдарды айқындайтын негізгі құжаттың бірі. Ол азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Президент атап өткен барлық тоғыз басымдық мемлекеттік саясатты дәл осы міндетті орындауға жұмылдырады. Сондай-ақ Жолдауында назарғаалынғанмәселелерменбасымдықтар ел өмірінің барлық саласына тиесілі екеніне назар аударды. Мемлекет басшысының осы тұрғыдан: «Біздің ұзақ мерзімге арналған дамужолымыз – айқын. Биік мақсаттарымызбар. Оғанжету үшін, еңалдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізгеқолдаубілдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет» дегені бекер емес. Тағы қуанышты жаңалық — келесі жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау. Бұл еңбек адамы үшін өте маңызды. Біз жұмысшы мамандықтарды құрметтеп қана қоймай, оданбөлекдәріптеуіміз де керек деп ойлаймын. Жалпы жолдауда еліміздің дамуына қатысты өте көп маңызды мәселелер қозғалды. Енді алдағы уақытта осының барлығы іске асып жатса, ел игілігі үшін жасалар жақсылықтар көп болады деген сенімдеміз.