«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ФОРУМ: АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Аудан әкімдігі мен Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Мұғалжар аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Өңірім — тынысым, кәсібім — ырысым!» атты аудан кәсіпкерлерінің форумы өтті.
Форумда аудан кәсіпкерлері өздер өндіріп отырған өнімдерінен көрме ұйымдастырды.

Көрмеге “Берекелі ет Қандыағаш” жеке кәсіпкерлігінің иесі Лаура Қаржауылова ет өнімдерінен дайындалған ысталған шұжықтардың түр-түрін, әсіп өнімдерін алып келсе, Қалқаман Илиясов өзі өндірген кір сабындарын, Анаргүл Көпбаева “Дәмді” кондитерлік өнімдерін, бағбан Тахир Наранбаев бақша өнімдерін, Индира Байдоллина типографиялық бұйымдарын, Дәмеш Сарымсақова қыз жасауын, Жанша Ерекешова емдік шөп “киікотынан” дайындалған тұнбаларын ұсынды.
Көрмеге келушілер көрмеге қойылған өнімдердің дәмін көріп, ұнаған заттарын сатып алды.


Әкімдіктің үлкен мәжіліс залында жалғасқан форумға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Дидар Боранқұлов, Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Айбат Ербазиев, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Қуат Әбдіханов арнайы қатысып, форумға жиналған 100-ден астам аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлік бойынша, қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлерге арналған несие түрлері жөнінде толық мағлұматтар берді.


Сондай-ақ “Ауыл аманаты” мен “Даму” бағдарламасы туралы, несиеге берілетін ауылшаруашылығына қажетті техникалар алудың жолдары түсіндірілді. Сонымен бірге аудандық кірістер басқарма басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұхамбетов кәсіпкерлерге салық төлеудегі жаңашылдықтар мен өзгерістер туралы кеңестер айтты.


Форумға жиналған кәсіпкерлер мамандарға көкейлерінде жүрген кәсіпкерлікке байланысты сұрақтарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
Жиын соңында көрмеге қатысқан кәсіпкерлерді аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Алғыс хатпен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

ТЕГІН ОҚУ — ЖАҢА МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

admin_mugalzhar

ПРОБАЦИЯ: 4 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда бала күтімі бойынша төлем жаңа жылдан бастап 1,5 жасқа дейін ұзартылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.