«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДАУДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейінде мемлекеттік қызмет саласының ардагері Амангелді Шунимов Мемлекет басшысының биылғы жолдауына қолдау көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев, музей директоры Шамшат Әбдірзақ, аудан соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Алтыбай қатысып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.


Алғаш болып сөз алған Амангелді Қалиұлы Президент жолдауындағы маңызды жағдайларға тоқталып, еліміздің экономикалық дамуында біршама ілгерілеудің барын айтты.
-Мемлекет басшысының дәстүрлі жолдауын жыл сайын асыға күтетінім рас. Жолдау барша қазақстандықтар үшін маңызды деп есептеймін. Себебі еліміздің дамуына арналған бағдарламалар қабылданып, оның жүзеге асырылуының жолдары нақты айтылады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы жолдауында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажеттігін, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеудің маңыздылығын, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігін айтып, кадрлық әлеуетті біртіндеп арттыруға үлкен мән берді. Енді атқарушы органдар жолдауда айтылған мәселелерді толыққанды шешуге, тапсырылған міндеттерді тиянақты орындауға міндетті деп есептеймін, — деді ол.
Жиын барысында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, дайындалып жатқан салық төлеу кодексінің тиімділігіне, ауылшаруашылық саласындағы маңызды жайттарға, су қорын дұрыс пайдалуға, денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіндегі өзгерістерге айрықша назар аудару қажеттігі жайындағы мемлекет басшысының бастамасы қоғам тарапынан үлкен қолдау табу қажеттігі айтылды.
Кездесуге жиналғандар Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өтетін жалпыұлттық референдумға да байланысты өз ойларын ортаға салып, маңыздылығы мен ел болашағына байланысты пікірлерін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Дауыс беру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды

admin_mugalzhar

Бала күтіміне байланысты ұзартылған жәрдемақының қалай төленетіні белгілі болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.