«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОСАНҒАН ӘЙЕЛДІҢ ҚАЛЖАСЫН ДАЙЫНДАЙТЫН КҮТУШІЛЕР КӨБЕЙДІ

Елімізде жаңа босанған келіншектің қырық күн күтімін жасайтын «доула» қызметі көбейіп келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
«Доула» – ежелгі грек тілінде қызмет көрсетуші деген мағынаны білдіреді. Елімізде соңғы он шақты жыл көлемінде тез таралып, қарқынды дамып келе жатырған қызмет түрі. Нақтырақ айтсақ, білікті қыз-келіншектер толғағы жеткен жас аналардың жанынан табылып, жеңіл босандырудан бастап, сәбиін қырқынан сәтті шығаруға дейінгі барлық жөн-жоралғысын жасайды.
Қазір доула орталықтарының нарықтағы бағасы 100 мың теңгеден басталады.
Бірақ дәрігер Сәуле Ибраева доула қызметшісінің дәрігерлік құқығы жоқ екендігін ұмытпауға шақырады.
«Доула жүкті әйелдердің толғақ кезіндегі серіктесі. Қазір мұндай қызмет түрі белең алып келеді. Ол медициналық қызметкер болмағандықтан толғақ немесе босану кезінде пациентке қандай да бір нұсқаулықтар бере алмайды. Диагноз қоя алмайды. Ол тек ана мен баланың көмекшісі. Дегенмен де дәрігер ретінде айтар кеңесім, босану кезінде әйел адамның жанында жақын адамы болғаны дұрыс», дейді ол.

Ұқсас ақпараттар

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ҚАЛА ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН КАНДИДАТТАРДЫҢ ҮГІТ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

admin_mugalzhar

Жасанды интеллект туралы заң жобасын

admin_mugalzhar

Алаяқтықтың жаңа түрі белең алуда: Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.