«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ӨЗЕКТІ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналысқа спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Талғат Жуманбетов, Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Самат Абдиров,
Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны Даулетбек Жолахмет қатысты.

Кездесуде спорт мектебінің тәрбиеленушілеріне жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, білім мекемелеріне ұшты-кескіш заттарды алып келуге тыйым салу жолдары айтылып, кең көлемді мәліметтер берілді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері түсіндірілді.

Сондай-ақ Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны Даулетбек Жолахмет облыс, аудан аумағында соңғы уақыттары мопедтер, мотоциклдер мен скутерлер қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары жиілеп, адам қазасына ұштасқан жағдайлар тіркелгенін жеткізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар спорт мектебінің жаттықтырушыларына спорттық сайыстарға балаларды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын түсіндірді.

Ұқсас ақпараттар

Отыз мыңнан астам ақтөбелік бір мезетте гимн шырқады

admin_mugalzhar

Ақтөбе және Қостанай облыстарында шегірткеге қарсы күрес шаралары күшейтіледі

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.