«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ШАБАНДОЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон бәйгесінде жүлделі ІІІ орынды иеленген Ақтөбе облысы командасының шабандоздарын Басшилі ауылындағы жерлестері құрмет көрсетіп күтіп алды.

Облыс құрамасында жерлесіміз Айбек Нақпаев баптайтын командада жерлестеріміз Әлихан Мұханбетов, шабандоздар Асхат Қайырмағамбетов, Сейілғазы Аймағамбетов, Жасұлан Елубаев, Бауыржан Ермағанбетовтер өз өнерлерін көрсетті.

Сағашилі ауылында өткен іс-шарада облыс намысын абыроймен қорғаған спортшыларды аудан әкімдігі атынан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев құттықтады. Сондай-ақ Мұғалжар аудандық мәслихатының депутаты Саламат Алданиязов ақшалай сыйақы табыстады.

3-7 қыркүйек аралығында өткен жорыққа Қазақстан, Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка және Ресей елдерінен 20-ға жуық команда қатысқан болатын.

Марафон бәйге Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Ботай елді мекенінен басталды. Қатысушылар Астана төріне дейін 500 шақырымды жүріп өтті.

Ұқсас ақпараттар

2024 жылы Ақтөбе әуежайы 985 мың жолаушыға қызмет көрсетті

admin_mugalzhar

Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

admin_mugalzhar

Маусымнан бастап тағы 18 жол учаскесі ақылы болады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.