«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МІНДЕТ — ХАЛЫҚТЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ОРЫНДАУ

ОСЫҒАН ДЕЙІН ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРҒАН ҚАНАТ МУСИН ҚАЛА ӘКІМНІҢ САЙЛАУЫНА ӨЗ КАНДИДАТУРАСЫН ҰСЫНЫП, САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗУДЕ.
“Тәжірибе әрекет еткенде — бәрі жеңіске жетеді” деп ұрандатқан Қанат Жұмабекұлы қала аумағындағы барлық мекемелерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлаушыларына қаладағы күр-меуі күрделі мәселелерді шешу жолында жұмыстанатынын айтуда. Сонымен бірге “Жаңа қоныс”, “Самал”, “Болашақ” шағын аудандарында автокөлік жолының құрылысын салуға, аудандық өнер орталығының құрылысын, “Алаң” базарының бойымен “Жастық” №7 көпқабатты тұрғын үйдің артымен біржолақты жол құрылысын жүргізуге, Н.Қаржаубаев көшесінің автокөлік жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға және жарықтандыруға, қалада көктем мезгілінде суға кету қауіпі бар аумақтарға суағар құрылысын салуға ықпал ететінін жеткізді.
Бірнеше жылдан бері қала әкім-дігінде жұмыс жасап келемін. Қаламыздағы шешуі кезек күтпейтін мәселелерді нақты білемін. Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызмет саласынан алған тәжірибемді іс жүзінде пайдаланатын кез келді. Менің барлық қызметімді халықтың талап-тілегін орындауға, пайдалы шаруа тындыруға арнаймын, — деді қала әкіміне үміткер Қанат Жұмабекұлы.

Ұқсас ақпараттар

ЖЕРЛЕСТЕР АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК — БАТЫЛ ҚАДАМҒА ЖОЛ

admin_mugalzhar

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды

admin_mugalzhar

27 инвестор —«Жасыл дәліз» жобасының қатысушысы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.