«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ»: ЕКІ АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

«Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында аудан бойынша 10-нан астам мұғалжарлық жас тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан бұл бағдарлама жас маманды әрі қарай зейнетке шығатын қызметкерді алмастыратындай жұмысқа орналастыруды көздейді.

Жоба шеңберінде жұмыс беруші, ниет танытушы азаматты кейін зейнетке шығатын адамның орнына қабылдайды. Шарт алты ай мерзімге жасалады. Осы уақыт бойы мемлекет жас маманның жалақысын төлеп отырады. Осылайша жобаға қатысушы міндетінің мәніне тереңірек үңіліп, тәжірибе жинақтайды және тәлімгер зейнетке шыққанға дейін оны толығымен ауыстыратын жағдайға жетеді. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші оны бұрынғы жұмысшының жалақысымен тұрақты жұмысқа қабылдайды, — дейді Мансап орталығының маманы Гүлназ Карина.

Ол осы жылы аталғанжоба бойыншажасы 35-ке толмағанжұмыссыз 10 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланғанын жеткізді. Бүгінгі дейін 2 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жобаға қатысу үшін жоғары немесе арнаулы орта білімі болуы қажет. Сондай-ақ бітірген мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесінің болмауы да маңызды. Жоба қатысушысының жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 110 760 теңге болады.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі

admin_mugalzhar

Енді 17 желтоқсан Қазақстанда жұмыс күні болады

admin_mugalzhar

Қазақстаннан Еуропаға визалық режим жеңілдеуі мүмкін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.