«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалжарлықтар үздіктер қатарында

Облыстық «Туған жерім – нұрлы елім»  акциясы аясында өткен аудан күндері қорытындыланды. Жуырда Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында аталмыш акцияға атсалысқан 12 ауданның үздіктері марапатталып, мұғалжарлықтар «Өнерімен өрісті» номинациясына ие болды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізінде, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған акция шеңберінде облыс орталығында әр ауданның күндері өткен болатын. Онда өңірге қарасты аудандардың әлеуметтік-экономикалық жетістіктері сарапқа салынды. Сонымен қатар, аудандардың ауылшаруашылық өнімдері, спорттық, мәдени көпшілік шаралары қала тұрғындарына ұсынылды. Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шараға атсалысқан Мұғалжар ауданы «Өнерімен өрісті» номинациясымен марапатталып және 2 миллион теңге қаржылай сыйлықты иеленді.

Алтын СҮЛЕЙМЕН

Ұқсас ақпараттар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

БЕКЗАТХАН — ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

25 лет исполнилось детскому саду «Карлыгаш»

admin_mugalzhar