«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеге жаңа автобустар келді

«Автопарк» ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қараша айының соңында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтілуде.

Облыс әкімі Асхат Шахаров автопаркте болып, қоғамдық көлік жүйесімен танысты, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Автопарк қала бойынша 23 бағытта қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге 331 автобус шығады. Былтырғы жылдан бері мекеме қоғамдық көліктерін жаңартуда. Екі жыл ішінде жаңа автобустар саны жүзге жетті. Бүгін жеткізілген 25 автобус №14, 22, 24, 26 және 42 бағытқа шығарылады, осылайша жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

«Yutong» маркалы автобустар Қарағанды облысының Сарань қаласында шығарылады. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге. Ыңғайлы әрі сыйымды қоғамдық көлік 80 адамға арналған, кез-келген климаттық жағдайларда төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған.

«Ақтөбеде 46 бағыт бойынша жолаушыларды төрт кәсіпорын тасымалдайды. Біз олардың автопаркін біртіндеп заманауи көлік құралдарымен жаңартып жатырмыз. Наурыз айында 30 жаңа автобус алдық, бүгін 25 және қараша айының соңында тағы 25 автобус келеді. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау, қаламыздағы қоғамдық көлік сапасын жақсартубасты мақсат. Жаңа автобустар ескі көліктерге түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жергілікті автопарктің жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі», – деді әкім.

 

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР

admin_mugalzhar

Қазақстанда колледждер онлайн оқытуға ауыса алады

admin_mugalzhar

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.