«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

Бүгін дүниежүзілік донор күні. Бұл күннің мақсаты — әлемнің түкпір-түкпіріндегі қан донорларына құрмет көрсету, сондай-ақ, қоғамның қан тапсырудың маңыздылығын түсінуіне ықпал ету.

Мәселен, елімізде 4 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың басым бөлігі бүйрекке зәру. Оның ішінде 3 мың 661-і ересек адам, 85-і бала. Бауырға 180 ересек пен 10 бала мұқтаж.

20 ересек қазақстандық өкпесін ауыстыру бойынша, ал жүрек бойынша 136 ересек пен 5 бала күту парағында тұр.

Сондай-ақ жүрек-өкпе кешеніне 4 ересек пен 2 бала мұқтаж, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейінгі кезде мәйіттік донор бойынша нәтижелер жақсарып келеді. Соның ішінде қайтыс болған бес адамның ағзасы 19 адамның өмірін сақтап қалды.

Ұқсас ақпараттар

Париж Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлде!

admin_mugalzhar

ҚАЛА БОЙЫНША 30 ТАЛ КЕСІЛДІ

admin_mugalzhar

АУДАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.