«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыстың бас аллергологі: демікпемен ауыратын 4200-ден астам адам есепте тұр

Мамандардың айтуынша, жылсайыноблыста аллергияменауыратындардың саны артып барадыОсы орайда Ақтөбе қаласында науқастарға жан-жақты көмек көрсететін орталық ашылды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Облыстың штаттан тыс бас аллергологі, «Batys Med» медициналық орталығының құрылтайшысы Зәмзә Хайруллинамен әңгімелесіп, аурудың себебі мен науқастарға берілетін ем түрлері, сондай-ақ өңірдегі кадрлар тапшылығы жайында сұраған едік…

—Алдымен облыстағы аллергологиялық орталықтың қазіргі жайы, сондай-ақ жаңадан ашылған «Batys Med» медициналық орталығының қызметі туралы айтып берсеңіз.

— Облысымызда ең алғаш аллергологиялық орталық 2002 жылы теміржол ауруханасының базасында ашылды. Сол жылдары біз Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде аллерголог мамандарды оқытып, даярладық. Бүгінде олардың көбі Ақтау, Атырау, Орал, Қызылорда қалаларында абыройлы еңбек етіп жүр. Біздің облыстағы қазіргі тәжірибелі аллергологтер да осы жоғары оқу орнын тәмамдаған. Мен қазір де Марат ОспановатындағыБатысҚазақстан медицина университетіндесабақберемін. Дегенменбұрынғыдайемес, қазірдәрігерлергеқойылатынталапмықты. Былтыраталғануниверситетте резидентура ашылды. Қазір мұнда тәжірибесі бар, біраз жыл медицина саласында еңбек еткен үш дәрігер оқып жатыр. Олар алдағы уақытта аллерголог болып шығады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда кез келген адам резидентураға түсе алмайды.

Ал теміржол ауруханасына келсек, қазір мұндағы емханада екі аллерголог-дәрігер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта облыстық аллергологиялық орталық Ақтөбе медицина орталығының базасында орналасқан. Ол жерде тұрғындарды төрт аллерголог қабылдайды. Бұл орталықта 30 адамға арналған кереует бар. Ал аллергиямен ауырған балалар облыстық балалар ауруханасындағы арнайы бөлімге жатқызылады. Ол жерде барлық жағдай жасалған. Жалпы, біздің облысымызда бүгінде 20-дан астам аллерголог бар. Олардың көбі Ақтөбе қаласындағы жеке клиникаларда жұмыс істеп жүр. Өкінішке қарай, аудандарда мамандар жоқ.

Бүгінде өңірімізде аллергиямен ауыратындардың саны жыл артқан сайын көбейіп барады.

Оларға жан-жақты көмек көрсетуде арнайы медициналық мекеме қажет-ақ. Осыны ойлап, былтыр біз мемлекеттік тапсырыс аясында Ақтөбе қаласының орталығынан «Batys Med» медициналық орталығын аштық. Биыл шілде айында орталықтың ашылғанына бір жыл толды. Қазір мұнда аллерголог, пульмонолог, терапевт, кардиолог, эндокринолог мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ күндізгі стационар мен УДЗ-кабинеті бар. Келуші науқастарға барлық қабылдау жолдама бойынша тегін жүргізіледі.

Орталық ашылғалы бері бұл жерге 800-ден астам ересек және 550 бала келіп ем алды. Олардың барлығы — аллергиямен, сондай-ақ түрлі тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын науқастар. Қазір күндізгі стационарда төрт кереует бар. Күн сайын мұнда келушілерге аллерголог мамандар ем жасайды. Мұнда көбіне қала тұрғындары келеді. Ал облыс аудандарынан келетіндер Ақтөбе медициналық орталығына барады. Айта кеткен жөн, медициналық орталықта тұрғындарға білікті дәрігерлер, аллергологтер Светлана Есекеева мен Мейрамгүл Сағындықова қабылдау жүргізеді.

Облыстың бас аллергологі ретінде аллергиямен ауыратын науқастардың санына талдаулар немесе мониторинг жүргізесізбе?

— Әрине. Нақты деректерге тоқталсам, 2007 жылы облыста демікпем енауыратындардың саны 1700 адам болған. Одан кейін диспансерлік есепке 2017 жылы 3500-ден астам адам тіркелген. Былтырғы көрсеткіштерге келсек, есепте тұрғандар саны 4200 адамнан асқан. Демек, әр он жыл сайын өңірімізде аллергиямен ауыратын адамдардың саны екі есеге артып отыр. Жалпы, бұл дерт тек біздің облыста ғана емес, елімізде, тіпті дүниежүзінде кеңінен таралуда. Бір сөзбен айтсақ, аллергияны «ғасыр ауруы» деуге болады. Олай дейтініміз, бұрын аллергиямен ауыратындар өте аз болатын.

Бір мысал, осыдан 50 жыл бұрын адамдарға әсер ететін факторлар аз еді. Экологияның сапасы жақсы, тағамдардың құнарлылығы жоғары әрі таза болды. Бұдан бөлек біз тұтынатын ауызсудың сапасы жоғары әрі таза болатын. Қазір экологиялық ахуалдың нашарлауынан адамдардың ағзасының иммундық жүйесі әлсіреп жатыр. Негізі, аурулардың көбі иммундық жүйенің әлсіздігінен және адам ағзасындағы өзгерістерден болады. Қазіргі таңда елімізде инфекциялық аурулардың орнына иммундық аурулар «келіп жатыр». Соның салдарынан аллергия, онкология және аутоиммундық аурулар көбеюде. Оған қоса біздің күнделікті өмір сүру салтымыздың да қосар үлесі зор. Бүгінде ішіп отырған ауызсуымызға үнемі дезинфекция жасалып, залалсыздандырылса да, су таза емес. Бұдан бөлек біз күнделікті тұрмысымызда химиялық заттарды көп тұтынамыз. Мысалы, ыдыс, еден, кір жуатын сұйықтықтар, ұнтақтар, косметикалық бұйымдар — осының бәрі адамның ағзасына кері әсер етеді. Кейбір осындай химиялық қоспалар адамның терісін тітіркендіріп, соның салдарынан тері бөртіп, қышиды, ақырында дерматит пайда болады. Сондай-ақ экологиялық таза өнімдер аз. Мәселен, дүкеннен сатып алған алмаңызды үстел үстіне қойып қойсаңыз, ол бұзылмайды. Бірнеше күн бойы сол қалпында тұра береді. Ал егер таза табиғи жеміс болса, онда ол бірнеше сағаттың ішінде қарайып кеткен болар еді. Міне, біздің жеп отырған барлық тамағымыз — осындай.

— Маусымдық аллергияға шалдыққандардың көбі арамшөптер мен өсімдіктердің тозаңдалуынан қиындық көреді. Осы тұста айта кетсеңіз, облыста аллергия тудыратын қандай шөптер бар?

— Қазір Ақтөбе өңірінде өсімдіктің де, арамшөптің де түр-түрі бар. Мәселен, осыдан 3-4 жыл бұрын қала аумағында циклахена деген өсімдік көбейіп кетті. Жалпы, бұл өсімдік өте улы саналады. Ол өскен жерде басқа ештеңе өспейді, адамдардың дансаулығына өте зиянды, аллергия тудырады. Оны мал жеп қойса, өлуі мүмкін. Міне, сол өсімдік біздің өңірімізге бір кездері Америкадан әкелінген картоппен бірге келген екен. Содан бері қала аумағында тез көбейді. Қазір байқағаным, сол өсімдік биыл азайған. Дегенмен аллергия тудыратын басқа өсімдіктер әлі де бар. Атап айтсақ, лебеда, амброзия, бидай шөптері, жусан, тағы басқа да шөптер. Негізі, бұл өсімдіктер бұрын көптеген ауруға ем ретінде пайдаланылатын. Қазір олар адам ағзасына кері әсер етіп, аллергия тудырып отыр. Маусым айынан бастап аллергиясы бар адамдардың дерті ушығады. Себебі осы кезде аталған өсімдіктер мен шөптердің тозаңы ауаға тарайды. Мәселен, біздің облыста жусанның онға жуық түрі өседі. Кейбір жусанға аллергиясы бар адамдардың осы кезде көздері жасаурап, мұрнынан су ағып, түшкіріп, тыныс жолдары бітеледі, денесі қызарып, қышиды.Өкінішке қарай, қазіргі таңда біздің облыста осындай адамға зиянды шөптерді жұлу, оларды отаумен бірде-бір мекеме айналыспайды. Меніңше, әрбір тұрғын және қала аумағындағы барлық мекеме өз аумақтарын, аулаларын тазартып, шөптерді жұлса, онда өсімдіктердің аллергиямен ауыратындарға тигізетін зияны азаяр еді. Сондай-ақ осы тұста айта кеткім келеді, қазір қоғамда дәрігердің рұқсатынсыз дәрі-дәрмек сатып алып, қолданатын азаматтар көбейген. Кейбір адамдар интернеттен көріп алып, дәрігерге көрінбей, өз-өзіне ем тағайындайды. Соның салдарынан олардың ағзасы уланады. Одан бөлек бүгінде биологиялық белсенді қоспа (БАД) тұтынатын адамдардың саны көп. Негізі, БАД-ты жөн-жосықсыз іше берсеңіз, ол да аллергия тудыруы мүмкін. Себебі оның құрамында түрлі компоненттер, шөптер, қоспалар бар. Сондықтан дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді қоспаларды тұтынғанда, абайлап, дәрігердің рұқсатымен ғана қолданған жөн.

— Орталыққа келген науқастарға қандай ем жүргізіледі? Маусымдық аллергия кезінде қандай сақтық шараларын ұстанған дұрыс?

— Маусымдық аллергия иммундық жүйеде бұзылыс бар екендігін білдіреді. Егер науқас мерзімінде дұрыс емделмесе, кейін ауруы асқынып, созылмалы ауру — қолқа демікпесіне әкелуі мүмкін. Біз алдымызға келген барлық науқаста бұл туралы үнемі ескертіп отырамыз.

Қазіргі таңда Ақтөбе медициналық орталығында және «Batys Med» медициналық мекемесінде науқастарға әртүрлі ем жүргізіледі. Егер орталыққа келген науқас маусымдық поллинозбен ауырса, онда аллергияға қарсы классикалық ем беріледі. Ал аурудың алдын үшін біз науқастарға қыс айларында кешенді ем жүргіземіз.

Ең алдымен науқастың жағдайын біліп, шағымын тыңдап, сосын диагностика жасаймыз. Тері немесе қан алу арқылы талдаулар жасап, қандай шөпке немесе өсімдікке қарсы көрсетілімі бар екенін анықтаймыз. Сол арқылы науқасқа қажетті ем-дом береміз. Ал ауруы асқынған науқастарға аллергендер арқылы дозаларын көбейтіп, аллерговакцина жасаймыз. Ол аллергоспецификалық иммунотерапия деп аталады. Мысалы, адамда жусанға аллергия анықталса, сол жусанды минималды дозамен береміз. Ол екпе түрінде немесе тіл астына қоятын таблетка болуы мүмкін. Оның мөлшерін тек аллерголог дәрігер ғана анықтайды. Осылайша ағзада кері реакция туындап, бірте-бірте жусанға қарсы иммунитет пайда болады. Нәтижесінде маусымдық поллиноз жеңіл өтеді. Егер дерматит болса, онда науқастар стационарда емделеді. Қазіргі таңда медициналық орталықта күндізгі стационар жұмыс істейді. Мұнда келіп ем алу үшін кез келген тұрғын жергілікті емханасынан жолдама әкелуі керек. Ал жағдайы ауыр, ауруы асқынған науқастар Ақтөбе медициналық орталығына жіберіледі. Бүгінде біздің орталыққа Орал, Ақтау, Атырау қалаларынан келетіндер көп. Сондай-ақ Ақтөбе медициналық орталығында облыс аудандарынан келіп, ем алып жатқандар бар.

Енді сақтық шараларына келсек, жаз мезгілінде аллергиясы бар адамдар бетперде тағып, шаң-тозаңнан сақтанып жүруі керек. Сондай-ақ тағамға аллергиясы бар адамдар диета ұстағаны абзал. Ең бастысы, аллергиктер жылдың кез келген мезгілінде аллергияны тудыратын және қоздыратын тағамдарды тұтынбауы керек. Өткен шаққа бір көз жіберсек, кезінде біздің ата-бабаларымыз жеген тағамдар ешқандай аллергия тудырмайды. Себебі олар таза әрі табиғи. Ал қазір сауда орындарында сатылатын қызыл-сары түсті көкөністер мен жеміс-жидектер, сондай-ақ жаңғақ, бал, тағы басқа өнімдер аллергия тудырады. Сондықтан қолдан келсе асты да талғаммен тұтынған жөн.

— Өңірде кадрлар тапшылығын шешуде, сондай-ақ науқастарға ем жүргізуде қандай мәселелер бар?

— Бүгінде облыстағы басты мәселе — ол өңірдегі ірі ауруханаларды аллерголог дәрігерлермен қамту мәселесі. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін осыған дейін ондаған маман оқып, бітірді. Қазір олардың көбі жеке клиникаларда жұмыс істейді. Негізі, 25 мыңнан астам тұрғыны бар емханада кем дегенде бір аллерголог дәрігер болуы керек. Ал ірі ауруханаларда оталар жасағанда дәрі-дәрмектерді қолданар алдында, сондай-ақ науқастың жағдайын бақылағанда, міндетті түрде аллерголог маманның кеңесін алу керек. Сондай-ақ еліміз бойынша жалпы тәжірибелі дәрігерлерді оқытып, жыл сайын олардың біліктілігін арттырып отыру қажет. Олар да аллергиясы бар науқастарға қандай ем беру керектігін, қандай емге қарсы көрсетілімі бар екендігін білгені жөн.

Айта кету керек, қазір Ақтөбе қаласындағы №3 және №7 емханада ғана аллерголог дәрігер бар, ал басқа емханаларда жоқ. Міне, құзырлы мекемелер осы мәселені де назарға алуы керек. Сол сияқты облысымыздағы Мұғалжар, Шалқар, Хромтау сияқты ірі аудандарды аллерголог мамандармен қамту мәселесі де өте өзекті. Қазір елімізде жас мамандарға жақсы жағдай жасалып жатыр. Егер жас дәрігерлер оқуын жалғастырып, резидентураға түссе, болашақта білікті маман болып шығады. Себебі бүгінде елімізде аллергологтерге сұраныс жоғары.

Жуырда мен жұмыс сапарымен Испанияға барып келдім. Сондай-ақТүркияеліндеболып, халықаралық семинар, конференцияларғақатыстым. Бұлелдерде де ахуал— дәлбіздікіндей. Мамантапшылығы бар, аллергиктеркөп. Тек бірартықшылығы, бұлелдерденауқастардыдәрі-дәрмекпенқамтудаешқандаймәсележоқ. Олжердебарлықнауқассақтандырылған.

— Әңгімеңізге рақмет!

Данагүл ҚАЗИХАН.

Ұқсас ақпараттар

АҚЫНДАР ЕЛДІГІМДІ ЖЫРЛАДЫ

admin_mugalzhar

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРДАН – ОЙЫЛҒА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.