«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2030 жылға қарай қазақстандықтардың табысы өседі

2030 жылға қарай қазақстандықтардың табысы медианды жалақыдан жоғары болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Біздің ең жақын уақыттағы стратегиялық мақсатымыз — 2030 жылға қарай теңдестірілген еңбек нарығын құру, — деді министр.

Ол еңбек саласындағы жағдай қалай өзгеретінін айтты.

– экономикамызда 3,8 миллион сапалы жұмыс орындары болады;

– 1,7 миллион адамның табысы медианды жалақыдан жоғары болады;

– формальды емес жұмыспен қамту 15 пайызға дейін төмендейді;

– әлеуметтік онлайн-қызметтер көрсету индексі бойынша біздің еліміз әлемдегі үздік ондыққа енеді.

Біз еңбек нарығы мен азаматтарды әлеуметтік қолдау саласында елеулі тәуекелдердің бар екенін мойындаймыз. Сонымен бірге біздің ведомство алдында тұрған міндеттерді шешу үшін жүйелі көзқарасымыз, озық технологиялық құралдарымыз және білікті кадрларымыз бар, — деп айтты Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ Үкімет сағатында еңбек адамының мәртебесін арттыру және жастардың не себепті жұмыссыз қалатыны туралы айтылған еді.

Ұқсас ақпараттар

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ЖАН

admin_mugalzhar

«Таза Қазақстан» бағдарламасы: Республика күні қарсаңында мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері ағаш отырғызды

admin_mugalzhar

«Қазақстан барысы-2024» турнирінің жеңімпазы офицер лауазымына тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.