«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар ЮНЕСКО-да өткен концертте өнер көрсетті

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) 30 жылдығына орай ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Біз біргеміз» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЮНЕСКО сахнасында «Қара жорға» биі мен Латиф Хамидидің әйгілі «Бұлбұл» романсы қойылды. Сондай-ақ кеш бағдарламасында халық әндері мен билері, түркі елдерінің көрнекті композиторларының шығармалары, соның ішінде Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі орындалды.

Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Зарина Алтынбаева, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі және «Қазына» би тобы тамаша шығармаларды орындады.

Білесіздер, ТҮРКСОЙ ұйымы әлемге түркі елдерінің мәдениетін паш етуге ұмтылады. Бүгінгі шарада әр елдің құнды мұрасы құнтталып, мәдениет пен руханияттағы өзіндік орны айшықталды. Бұл орайда ұйым әлем халықтарын түркі жұртының дәстүр-мәдениетімен таныстыруға әлде де күш жұмсап, зор үлес қосатынына сенімдіміз, — деп атап өтті ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Саид Юсуф.

Айта кетейік, Парижде ТҮРКСОЙ мерейтойын атап өту – бұл, ең алдымен, ұйымның бейбітшілікті нығайтуға және мәдени мұраны насихаттауға қосқан көпжылдық үлесін мойындау.

Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы бауырлас халықтарды рухани жақындастыру жөніндегі өз миссиясын одан әрі дамытуға уәде берді, ал ЮНЕСКО-да ТҮРКСОЙ өзінің болашақ мәдени астаналарын, соның ішінде қазақстандық Ақтауды таныстырды. Бұл қалада іс-шаралар 2025 жылы өтетін болады.

Ұқсас ақпараттар

«KEGOC» АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛМАҚ

admin_mugalzhar

МЕКТЕП АВТОБУСЫ: БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.