«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазанның соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Адам баласынан жанқиярлық еңбегі және ізгі ілтипатын аямаған абзал мамандық иелері қай кезде де жоғарғы құрметке лайық.

Мерекеге орай Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлеріне, Мұғалжар аудандық мансап орталығының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
Аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов мереке иелерінің еңбектерін жоғары бағалап Алғыс хатпен марапаттады.

Бүгінгі таңда Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 54 әлеуметтік қызметкер үйге бару арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Әлеуметтік қызметкерлер аудан бойынша 240 жалғыз басты жалғыз тұратын қарттарға, 28 мүгедектігі бар адамдар және он алты жасқа толмаған 50 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызметтерін көрсетіп келеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады?

admin_mugalzhar

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын болады

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.