«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕЛАМАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

8-10 қараша күндері Астана қаласында самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Осы дүбірлі додада ел намысын жерлесіміз Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Еламан Қойшыбаев қорғайды.

Еламан самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2023 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогінің иегері, 2024 жылғы Азия чемпионы атанды. Еламан Қойшыбаев пен бапкерлеріне сәттілік тілейміз.

Ұқсас ақпараттар

25 қазан — Республика күні болып белгіленді

admin_mugalzhar

КҮН САНЫ

admin_mugalzhar

202 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar