«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Енді медициналық анықтамалар электронды нұсқада беріледі

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жеке медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшеді, хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда 28 анықтаманы алып тастауды жоспарлап отыр, бұл ел тұрғындарының қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Министрліктің айтуынша, цифрлық форматқа көшіру денсаулық туралы анықтамалардың бұрмалануын жояды. Енді асхана мен, дәмханалар, мейрамхана, балабақшалар мен мектеп қызметкерлері медициналық тексеруден өткені туралы жалған мәліметтер бере алмайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 1,6 миллион қазақстандықтың жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар, оның ішінде:

  • қоғамдық тамақтандыру саласында – 780 мың;
  • білім беру саласында – 550 мың;
  • денсаулық сақтау саласында – 272 мың;
  • жеке секторда – 52 мың.

 

Ұқсас ақпараттар

Фарида КУЖАТОВА: МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАНЫМА ӨКІНГЕН ЕМЕСПІН

admin_mugalzhar

386 ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІК САНАТЫН АРТТЫРДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы каникулда неше күн демалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.