«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Үкімет: Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК төленеді

Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек берілетінін айтты.

Оның сөзінше, жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтты, деді ол.

«Өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады. Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда», — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Премьер-министр өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталғанын атап өтті.

«Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады. Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтеледі», — деп атап өтті спикер.

 

Ұқсас ақпараттар

25 ақпаннан бастап емделу үшін зейнетақы ақшасын шешуге болады

admin_mugalzhar

АМЕРИКАДАН ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ

admin_mugalzhar

ОТБАСЫЛАРҒА МАЛ БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.