«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда әскери қызметшілердің киім үлгісі өзгерді

Қазақстанда қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін бірыңғай түсті және бірыңғай стильдегі далалық киім нысанына көшіру алғаш рет жүзеге асырылды, деп хабарлайды Zakon.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ведомство ақпаратынша, жаңа киім нысаны – жақсартылған функционалдылық пен жайлылық (желден қорғау үшін тік жаға енгізілді, қосымша бөлшектер алынып тасталды, қалталар функционалды болды).

«Нысанның бүркемелеу қасиеттерін арттырды. Онда климаттың және аймақтың географиялық ерекшеліктері ескерілді. Жаңа мата суға, аязға және желге төзімді қасиеттерге ие. Айырым белгілері енді Velcro типті жапсырмаға бекітіледі. Капюшоны бар деми-маусымдық далалық куртка және жағасы бар далалық жемпір пайда болды»,- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, қысқы киім нысанына түбегейлі өзгерістер енгізілгені (матаның құрамы өзгертілді, қалың шалбардың функционалдығы жақсарды, жүннен жасалған қалпақ пен құбырша шарф қосылды) атап өтілді.

«Әскери басқару органдарына арналған жазғы киім нысанына тактикалық етік (кроссовка) және құм түсті қонышты етік енгізілді».ҚР Қорғаныс министрлігі.

Жабдықтау нормаларын оңтайландыру жыл сайын 140 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ұқсас ақпараттар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

admin_mugalzhar

СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Биыл 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы өседі

admin_mugalzhar