«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда 2025 жылы үш жаңа газ кен орны пайдалануға берілді

Үкімет жұмысының 2025 жылғы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының елдің ресурстық базасын нығайту және газ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар етті.

Ведомство басшысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Президент белгілеп берген стратегиялық приоритет болып қала беретінін атап өтті. Есепті кезеңде Қайыргелді, Тұзкөл және Тасболат жаңа үш газ кен орыны пайдалануға берілген. Тасболат кен орнын іске қосу Маңғыстаудағы Қазақ газ өңдеу зауытының қуатын толықтыруға мүмкіндік берді.

📱 @KZgovernment

Ұқсас ақпараттар

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы 25 наурызда басталады

admin_mugalzhar

ҚАЗАҚ БАЛАСЫН АЛҒАШ ОҚУҒА ШАҚЫРҒАН ҰСТАЗ

admin_mugalzhar

Анталияда Абай атындағы саябақ ашылды

admin_mugalzhar