«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жаңа үлгідегі жәрдемақы

Келер жылдың қаңтар айынан бастап аз қамтылған азматтарға тағайындалып келген әлеуметтік жәрдемақылар оңтайландырылып, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек болып өзгереді. Осыған байланысты Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кәмшат Құрманалинамен сұхбаттасқан едік.

«Мұғалжар»: Жаңа форматтағы әлеуметтік жәрдемақылар төңірегінде қандай өзгерістер болады?

К. Құрманалина: Бұл — Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарындағы «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Соған орай, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін заңға байланысты осы уақытқа дейін беріліп келген атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, 4 баладан жоғары ата-аналарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар біріктіріліп, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік  көмек болып аталады. Сонымен қатар, бұрын 4  және одан көп кәмелетке толмаған балалары  бар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алып отырған отбасылар  балдарының үлкені 18-ге толғанша   алады, ал  2018 жылдан бастап төрт балалы болған отбасылар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ала алмайды, ол отбасылар табыстарына байланысты  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуіне болады.

Жалпы атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.

Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды мүшелерінінің аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы  жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысуымен, отбасының табысы жан басына шаққанда күн көріс денгейінің 50%-нан төмен болатын әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда тағайындалады.  Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмекке отбасы өзінің жеке кәсіптік қызметін ұйымдастыруға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, отбасының материалдық жағдайын көтеруге  арналған көмек.

Ал енді шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына тағайындалады. Өйткені, оларға отбасында табыс табатын бірде-бір адамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, мемлекет мұндай отбасыларды өз қамқорлығына алады.

«Мұғалжар»: Ал мұндай көмекке мұқтаж жандар қалай анықталады?

К. Құрманалина: Бұрын мемлекеттік жәрдемақыны алу үшін адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінетін еді. Келесі жылдан бастап Қандыағаш, Ембі қалаларында тұратын тұрғындар аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп тіркеледі. Ал ауылдық жерлердегі тұрғындар округ әкімдіктеріне құжаттарын тапсырады. Кейін олардың әлеуметтік жағдайын осы мақсатта құрылған арнайы учаскелік комиссия қарап, анықтап, аудандық жұмыспен қамту орталығына  тапсырады. Комиссия мүшелерінің ұсынысымен біз өз тарапымыздан атаулы әлеуметтік көмектің жоғарыда аталған екі түрінің бірін тағайындаймыз.

Сұхбаттасқан: Әнуар ЕСҚАРА

 

Ұқсас ақпараттар

КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ДЕМ БЕРІП, ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ҚОЛҒА АЛДЫ

admin_mugalzhar

Барлық оқулық электронды форматқа көшірілді

admin_mugalzhar

НА СТРАЖЕ ЗДОРОВЬЯ СЕЛЬЧАН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.