«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗҒАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ӨТКЕН АПТАДА АУДАН АУМАҒЫНДА БОЛҒАН ҚАРЛЫ БОРАН КЕЗІНДЕ ТҰРҒЫНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен шарада аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов ақпанның 7-8 жұлдызында табиғаттың тосын мінезі барлығы үшін оңай болмағанын тілге тиек етіп, осы тұста қызметте-ріне адал болған бірқатар азаматтарға ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың Алғыс хатын табыстады.
Осындай қиын шақта ауызбіршіліктеріңізді білдіріп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, өте нәтижелі қызмет атқардыңыздар. Сіздердің еңбектеріңізді көрген қарапайым халық та өз ризашылықтарын жаудырып жатыр. Төтенше жағдай кезінде орны толмас оқиғалар болмай, абыройлы болуымызға барлықтарыңыздың қосқан үлестеріңіз сансыз. Алдағы уақытта да осындай бірлігімізден танбай, бірге қызмет ететінімізге сенемін, — деді Бекболат Қалдыбайұлы.
Еңбектері еленіп, алғыс арқалағандар арасында «Коммуналшы» мекемесінің, «Энергосистема» ЖШС-і Мұғалжар электр желілер учаскесі ұжымының, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бар. Сонымен бірге Басшилі және Қаракөл ауылдарында, «Ақтөбе-Астрахань» тас жолында авариялық құтқару жұмыстарын жүргізген және Жарық ауылындағы авариялық құтқару жұмыстарына қатыс-қандар да алғыс арқалады.

Ұқсас ақпараттар

ӘМБЕБАП ӘСЕЛ АПАЙ

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясын шақыру

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.