«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӘСЕКЕЛЕСТІК БАР ЖЕРДЕ БАСЫЛЫМНЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

Ерік БҰХАРБАЕВ, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

-Баспасөзге жазылу науқанын қазан айында бастап кеттік. Аудандық 15 округке тұрғындар саны мен аумақтарында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындар санына қарай жоспар жобасын жасап, ұсыныс хат бердік. Ұсыныс хатта округ әкімдіктеріне ауыл тұрғындарын, округтегі еңбек ұжымдарын мемлекеттік саясатты насихаттайтын басылымдарға жазылуды ұйымдастыру, сондай-ақ жалғызбасты, көп балалы аналарды, тыл, еңбек ардагерлерін мүмкіндіктеріне қарай демеушілік көмектер арқылы республикалық, облыстық және аудандық «Мұғалжар» газеттеріне жазып беру шаралары да ұсынылды. Біздің ауданда баспасөзге жазылу науқанына үлкен ұжымдардың рөлі ерекше. Олар — теміржолшылар, мұнайшылар, ұстаздар мен медицина саласының қызметкерлері және жалпы бюджет саласының мамандары. Қазіргі кезде осыдан он жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда аудан тұрғындарының баспасөзге жазылу деңгейі төмендеп кетті деуге болады. Оның да бірнеше себебі бар. Ол — интернет ресурсының кеңінен дамығаны, түрлі ақпараттарды шұғыл әрі жылдам қабылдаулары. Сонымен қатар бұрындары еңбек ұжымдарына берілген жоспар жобалары жақсы орындалатын еді. Ал қазіргі таңда ұжым қызметкерлері тарапынан «басшылық газет басылымдарына қинап жаздыруда» деген наразылықтар жиілеп кетті. Шындығында, баспасөзге жазылу науқаны кезінде көптеген қиындықтар туындайды. Дегенмен өздерінің сүйікті басылымдарына жазылып, оқитын тұрақты оқырмандары да жоқ емес. Негізінен ресми мерзімді басылым оқырмандарының көпшілігі орта және үлкен жастағылар, ал жастар жағының көпшілігі интернет ресурстарын пайдаланады. Дегенмен ресми басылымдарға жазылып, оны оқып алған ақпарат өте сапалы болады. Себебі аудандық газетте арнайы журналистика мамандығын меңгерген білікті мамандар жұмыс жасайды. Олардың жазған мақалаларындағы деректер зерттеліп, анықталған нақты әрі салмақты болады.

Дамыған мемлекеттер де осындай кезеңдерден өткенін білеміз. Ресми басылымдар оқырмандары оларда да бір кезеңдері азайып кетіп, қайта көбейді. Себебі интернет ресурстарындағы маман емес адамдардың жазулары, олардың біліктіліктерінің төмендігі халықтың сауатсыздығына әкелетіндігін түсініп, басылымдардың маңыздылығы ерекше ескерілген. Бізде елде де болашақта мерзімді басылымдардың рөлі көтеріледі деп сенемін. Себебі біздің елімізде де басылымдар арасында бәсекелестік байқалады. Ал бәсекелестік бар жерде сапа артып, қайта жаңғыру болады.

Ұқсас ақпараттар

ӘДІЛЕТ — ЕУРОПА КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ЖАНАРЫС ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

АУДАНҒА ЖАҢА БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫСЫ АЛЫНДЫ

admin_mugalzhar

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.