«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НАЗАРЫМЫЗ – СПОРТТА

СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА КӨПТЕГЕН ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ. СОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СПОРТШЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІСТЕРІ ЖЫЛ САЙЫН АРТЫП КЕЛЕДІ. ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ДА СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР. ОСЫ ОРАЙДЫ АУДАН АУМАҒЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТҚАН ҰЙЫМДАР ДА ОРАСАН КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ.

Шалғай ауылдарда бұқаралық спортты дамыту Қайыңды ауылдық округінде жұмыс істейтін «КазГеоруд» кен өндіруші кәсіпорнының басым бағыттарының бірі. Биыл компания Қайыңдыда заманауи шағын футбол алаңын салып берді. Аталмыш спорт алаңының ұзындығы — 42, ені — 22 метр. Жергілікті мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ерлан Қаржаубаевтың сөзінше, волейбол мен еркін күрестен жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген жоғары сынып оқушылары футболды да жақсы ойнайды. Жаңа алаң енді жастардың осы спорт түрінен шеберліктерін шыңдауға септігін тигізеді.

Қайыңды ауылдық округінің ұл-қыздары шындап қызығушылық танытып отырған бадминтонды дамытуға да кәсіпорын қолдау көрсетіп келеді. Облыс құрамасының қатарында жас спортшылар Қазақстан чемпионаттарында тұрақты түрде жүлделі орындарды иеленіп жүр. Команданың оқужаттығуы үшін форма мен қажетті құрал-жабдықтарды да сыйға тартты.

Өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына жағдай жасау керек. Қайыңды балалары заманауи ойын алаңында доп тепсе, ал жергілікті мектеп оқушылары үзіліс кезінде үстел теннисін ойнай алады. Біз осындай бастамаларды қуана қолдаймыз, — деді «КазГеоруд» ЖШС директоры Александр Лещуков.

Ұқсас ақпараттар

«БРАКОНЬЕР»: ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

admin_mugalzhar

№4 ҚАНДЫҒАШ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕБІ ОБЛЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar

Дерево смотри в плодах, а человека в делах

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.