«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕКТЕПКЕ СЫЙ

Жақында Қайыңды ауылдық округіне қарасты Алтынды ауылында жаңа мектеп пайдалануға беріліп, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қоныс тойын тойлады.

Бір қабатты ғимарат 60 оқушыға арналған. Жаңа білім ошағында 17 кабинет, оның ішінде химия, физика, информатика, шет тілі, бастауыш сыныптарға арналған кабинеттер, спорт залы, кітапхана, асхана, шеберханалар бар. Барлық кеңселер жаңа жиһаздармен жабдықталған. Мектеп ауласында футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолы мен демалыс орындары бар.

Мектепті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге «КазГеоруд» компаниясы да көмектесті. Компанияның қолдауымен дене шынықтыру сабақтары мен футбол, волейбол, хоккей, күрес секциялары жасақталды. Атап айтатын болсақ, турниктер, теннис үстелі, гірлер, пневматикалық мылтықтар, арқан, бозкілем, футбол және волейбол доптары, хоккей және басқа да спорттық жабдықтар сатып алынды.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

БІРЛІК АУЫЛЫНДА 5 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

«Ақтөбе-Қандыағаш» автожолы: жаңа Алға айналма жолында көлік қозғалысына рұқсат берілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.