«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Таза Қазақстан» сервисі eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді

Енді ҚР азаматтары eGov Mobile мобильді қосымшасында «Таза Қазақстан» жаңа сервисін пайдалана алады. Функция әрбір қазақстандыққа смартфонның көмегімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» сервисінің көмегімен eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары проблемаларды фотосуретке түсіріп, әрі қарай шешу үшін жауапты құрылымдарға ақпарат бере алады. Пайдаланушыларға жолдардың, саябақтардың, кіреберістердің, жарықтандырудың, сондай-ақ қоғамдық және жеке аумақтардың санитарлық жағдайына қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша өтінімдер қолжетімді.

Өтінім берілгеннен кейін барлық ақпарат операторға жергілікті атқарушы органнан келіп түседі, ол оны жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты орындаушы тапсырманы орындауы тиіс уақыт автоматты түрде белгіленеді. Орындаушы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша фотосуретпен және түсініктемемен кері байланыс береді.

 

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан геологиясы әлемдік инвесторларды тартады: елге қазірдің өзінде 12 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған

admin_mugalzhar

Президент: «Ауыл аманаты» жобасына 2029 жылға дейін 600 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді

admin_mugalzhar

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

admin_mugalzhar