«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

256,6 мың адам төлем алды

Жыл басынан қарашаға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 256,6 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 212,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалғанын айта кеткен жөн. Төлемдердің жалпы сомасы 70,6 млрд теңгеге жеткен, — деп жазды «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмысшылар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне, кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшердегі бұл қаражат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен төленеді.

Төлем тағайындауға жұмыстан босатылған жұмысшыдан не талап етіледі? Жұмысшы алдымен eGov.kz порталына тіркелуі қажет. Кейін «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдайды. Ізінше онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтырады. ЭЦҚ арқылы қол қойып, өтінімді жібереді. Араға күн салып, тұрғылықты жердегі мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Қажет болған жағдайда мансап орталығының қыз­меткері қосымша ақпарат жинау мақсатында хабарласуы мүмкін. Бұл қызметті онлайн режімде Элек­трондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер жарияланған соң, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем тағайындау жөніндегі қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорының қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтік төлем жұ­мыстан шығу себебіне қара­мастан төленеді. Әлеуметтік төлем – жұмысынан айырылып, қайта жұ­мыс іздеуге кіріскен азаматтарды қолдаудың бір жолы.

Ұқсас ақпараттар

«ҚЫС-2024» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ДӘСТҮР: ЖАҢҒЫРҒАН, ӘЛДЕ ЗАМАНАУИ?…

admin_mugalzhar

Енді медициналық анықтамалар электронды нұсқада беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.