«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАСАНДЫ ЖОЛ КЕДЕРГІСІ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгінде жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» атты республикалық жоба ұйымдастырылуды. Аталған жоба аясында аудан аумағында да жүйелі жұмыстар жасалуда.
19 шілде мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылып жатқан жедел профилактикалық іс-шара аясында Мұғалжар ауданы ПК-нің жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жергілікті атқарушы ограндармен бірлесе отырып, жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қала көшелерінің бірқатарына жасанды жол кедергілерін орнатты.
Атап айтсақ, аудандық аурухана орналасқан Е.Баймұханбетов көшесіне, балалар көп ойнайтын Ж.Жабаев көшесіндегі №5 орта мектебінің жанына, А.Жұбанов көшесі бойы мен «Достық» мөлтек ауданындағы автокөлік жолдарына жасанды жол кедергілері қойылып, көше-жол тораптарының жол белгілері жаңартылды.
А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

БҮГІНГІ БОЙЖЕТКЕН – ЕРТЕҢГІ АНА

admin_mugalzhar

Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

admin_mugalzhar

КӨРКЕМ — «DEARS» ФАН КЛУБЫ ЖҮЛДЕСІНІҢ ИЕГЕРІ

admin_mugalzhar